Бұл жарыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпанға екі бөлмелі пәтер берілді (видео)
Фото: facebook.com/ Берік Уәли
3,059
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының «Бүркіт төбе» алаңында "Шығыс Салбұрыны" халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Құсбегілік федерациясының басшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«ШҚО әкімі Ермек Көшербаевпен бірге сайыстың финалдық бәсекесін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттадық. 2 күнге созылған турнирге 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-нан астам көрермен келді, 90-нан астам құсбегі қатысты», – деді федерация басшысы.

"Шығыс салбұрыны-2024" халықаралық турнирінің жеңімпаздары: 

Бүркіт құсы бойынша:

 Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)

 Күнтуган Серікбек (Астана қаласы)

 Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)

 Бердымурат Олжас (Алматы облысы)

Қаршыға құсы бойынша:

 Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)

 Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)

 Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

 Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)

Ителгі құсы бойынша:

 Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)

 Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)

 Төлегенұлы Темірлі

 Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! 

Бұл жарыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Іс-шарада қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқа шығыс қазақстандықтардың атынан, өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады. 

Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.