Бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).
UFC ресми мәлімдеме жасады: Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Коллаж: Metaratings
4,783
оқылды

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада көптен күткен кездесуін өткізеді. Бұған қатысты UFC ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы, америкалық Белал Мухаммад (24-3).

Бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақ чемпионы атануы мүмкін. 

Шавкат Рахмонов та Белалмен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болуы мүмкін екенін бұған дейін айтқан болатын. Бірақ, ол бұл кездесуді жеңетініне сенімді екенін мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.