Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
Шерзат Болаттың өлімі: Талғарда қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
902
оқылды

Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.