Осыған дейін +78 келі салмақта қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Карина Такиева 3 ескерту алып, хорватиялық дзюдодан ұтылып қалған.
Назгүл Маратова бірінші рет Дулыға турнирінің жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,731
оқылды

Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыстың шешуші күні қоржынға тағы бір медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, аса ауыр салмақтағы (+78 келі) отандасымыз Назгүл Маратова қола жүлдеге таласта қосымша уақытта (score) Анастасия Холодинадан (Бейтарап атлет) айласын асырды. 

Осыған дейін +78 келі салмақта қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Карина Такиева 3 ескерту алып, хорватиялық дзюдодан ұтылып қалған. 

Осылайша, Қазақстан Абу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады. Осыған дейін Дәурен Суюкенов (60 келі) пен Әбиба Абужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанды. 

Бұл турнирге 29 мемлекеттен 219 татами шебері жиналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.