Министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін көрсетіп отыр.
Қазақстанда әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ – министр
Фото: egemen.kz
534
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет сағатында Қазақстанда әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Біздің министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін көрсетіп отыр. Бұдан әрі, платформалық жұмыспен қамтуды кеңейту мәселесі. Бұл экономиканы цифрландыру арқылы пайда болған әлемдік тренд",  деді министр. 

Зейнетақы аударымдарының алшақтығы ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторында көбірек байқалады.

"2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңгені құрады. Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша, еңбекақы төлеу қоры екі есеге жуық 38 трлн теңге. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады",  деді Светлана Жақыпова. 

Министрдің мәліметінше, еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің бірі  жұмыс күші  соңғы 5 жылда 420 мың адамға өскен. Бір жағынан, бұл жағдай Қазақстан халқы  адамдарының жасы тұрғысынан әлемдегі ең «жас халықтардың» бірі болуы себебінен (237 мемлекет арасында 106-орын) қалыптасып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.