Әскери қызметкер өз белдігіне асылған күйде табылған.
Шахтинскіде Ұлттық ұлан қызметкерінің мәйіті табылды
386
оқылды

13 қазан күні Шахтинскідегі пәтерлердің бірінде Ұлттық ұлан әскери қызметкерінің мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz  patriotkaragandy басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әскери қызметкер өз белдігіне асылған күйде табылған. Қазір қылмыстық із қозғалып, оның өліміне не себеп болғаны анықталуда.

Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қайтыс болған ер адамның әскери қызметкер болғанын растады.

 Бұл жағдай қызметтен тыс уақытта болды. Ол келісімшарт негізінде жұмыс істеген. Алдын ала мәліметке сәйкес, әскери қызметшінің мұндай әрекетке баруына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған,  деп мәлімдеді ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.