Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.
Вилла, пәтер, қымбат автокөлік: 177 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды
465
оқылды

Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетке қайтарылған активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және екі сәнді автокөлік бар.

Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижесінде шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдер бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті.

Алматыда «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектісінен жер 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан 4 есе артық сатылған. 

Сонымен қатар тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде,  делінген хабарламада.

Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.