Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын айтып, оған жаза қолдануды сұраған.
Қызылорда облысында келінін балағаттаған ене жауапқа тартылды
1,789
оқылды

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды. Оған бірнеше тәулікке қамауға алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу тұрғысында жаза тағайындалды, деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сотта азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға дөрекі қылық танытып, келініне балағат сөздер айтып, мазасын алып, отбасы шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы11 сәуірде осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабы  1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, еш нәтиже шығармай, құқықбұзушылықты қайталап отыр. 

Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын айтып, оған жаза қолдануды сұраған.

"Б.-ның құқықбұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар  АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б.-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген",  делінген Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.