«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге 9 өңірдегі ауа райына байланысты ескерту жасады

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ республикалық жолдарда ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ республикалық жолдарда ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада

Айта кетейік, тұрғындарға 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.