Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін кейбір адамдардың қара тізіміне кіріп кеткенін, әлі күнге дейін кейбір жобаларға шақырмайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мөлдір Әуелбекова шығармашылығында болып жатқан жайттар туралы Дина Төлепбергенге берген сұқбатында мәлімдеді.
Алайда шоу-бизнес жұлдызы қара тізімге кіргені үшін еш уайымдамайтынын, ол жандардың концерттері мен жобаларына мүлдем мұқтаж емес екенін айтты.
"Әлі де қара тізімдемін. Кейбір жерлерде мені орамал үшін шақырмайды. Шынымды айтсам, басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім бе? Одан қалай шығамын? Мен олардың қара тізіміне, болмаса концертіне, телевизиялық жобаларына мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халқым бар. Міне, 20 жыл болды мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде мені көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдайтын халық өзі тауып алып-ақ тыңдап жүр", – деді Әуелбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.