Өскеменде ер адам несиесін төлеу үшін дүкен тонаған

Өскеменде бірнеше рет дүкен тонаған ер адам ұсталды. Ол несиесін өтеу үшін ұрлыққа барған.

Өскеменде бірнеше рет дүкен тонаған ер адам ұсталды. Ол несиесін өтеу үшін ұрлыққа барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, гүл сататын дүкенде ер адам сатушы әйелді бірнеше рет ұрып, кассадағы 14 мың теңгені ұрлап кеткен. Бірнеше күн өткен соң азық-түлік дүкенінен осыған ұқсас тағы бір арыз түскен. Бұл жолы ұры 100 мың теңгеден аса қаржыны алып кетіпті. 

Көп ұзамай полиция күдіктіні қолға түсірді. 30 жастағы ер адам ұрлық болған жерге жақын маңнан пәтер жалдаған. Ал тергеу кезінде ол қарызға белшеден батқанын, несиесін өтеу үшін ұрлыққа барғанын айтқан екен. 

– Полиция күдіктіні ұстады. Ол 30 жастағы облыс тұрғыны екен. Ұрлық деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін әрі қарай тергеу жүріп жатыр. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін, – деді Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділет Жұмекенов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.