Ливанның солтүстігінде орналасқан Айту ауылына жасалған соққыдан 21 адам қаза тауып, 8 адам зардап шекті.
Израильдің Ливанға соққысынан Айту ауылының 21 тұрғыны қаза тапты
Фото: BBC
1,061
оқылды

Ливанның солтүстігінде орналасқан Айту ауылына жасалған соққыдан 21 адам қаза тауып, 8 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

BBC-дің жазуынша, ауылды Ливанның оңтүстігінен соғыс өртінен қашып келген отбасылар паналаған, шабуылдан кейін олар тағы да баспанасыз қалып отыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, соққы жасардың алдында ешбір ескерту белгі берілмеген. Соққының жойқын болғаны сонша, қаза тапқандардың кім екенін ДНҚ тестімен ғана анықтауға болады.

Voice of Lebanon ақпарат құралының хабарлауынша, мұнда Ливанның оңтүстігінен туыстарымен бірге көшіп келген «Хезболла» ұйымының мүшесі болуы мүмкін.

Еске салсақ, Еуроодақ Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштеріне (UNIFIL) шабуылын айыптаған болатын. Ал Израиль премьер-министрі соғысты бар мақсатымызға жеткенде аяқтаймыз деген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.