«Қолғап пен канистр табылды»: Прокурор Шерзаттың өртенген үйі туралы тың деректер айтты

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберді. Мамандар алдын ала болжам бойынша оттың сырттан қойылғанын айтқан.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне байланысты тергеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Прокурор тергеу барысында ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын айтты.

- Сот процесінің ашықтығы жөніндегі мәселе бойынша прокуратураның сотқа өтініш енгізуі қарастырылады. Сондай-ақ марқұмның отбасы тұрған үйдегі өртті зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерден маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адамнан жауап алынды. Оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды, - деді Берік Адамов.

Сондай-ақ Берік Адамов өрттен кейін оқиға орнына барған мамандар алдын ала болжам бойынша оттың сырттан қойылғанын айтқанын мәлімдеді. 

- Оқиға орнынан табылған канистр мен резіңке қолғаптарға зерттеу жүргізіліп жатыр, - деді прокурор.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.