Түркия туристік маусымды кейінге қалдырды
Түркия туристік маусымды кейінге қалдырды
© 24.kz
384
оқылды
Түркияда коронавирусқа байланысты туристік маусымның басталуы сәуірдің 15-іне қалдырылды, - деп хабарлады 24.kz. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі туроператорлар мен қонақ үйлерге осындай ұсыныстар жіберді, деп хабарлады Анадолу. Әдетте Түркияда наурыз айының соңында туристерді қабылдау маусымы басталатын. Сондай-ақ ел билігі Түркияға туристік сапарлар ұйымдастыруды 15 сәуірден кейінгі мерзімге қалдыруға шақырды. Бұған дейін Туркияда алғашқы коронавирус жағдайы тіркелегенін хабарлаған болатынбыз.