Бұл туралы ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Қазақстандық банктер клиенттердің жеке деректерін алаяқтарға сатқан
1,385
оқылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кейбір қазақстандық банктер өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергені жөніндегі ақпаратты растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл мәліметті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына жауап бере отырып, растады.

– Иә, өкінішке қарай, мұндай фактілер бар. Биыл да былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді тексердік және оларды заң бұзғаны үшін жазаладық, – деп нақтылады Р.Әбдіқалықов.

Алайда, комитет төрағасы бұл жөнінде нақты статистика жоқ екенін айтты. 

– Тиісінше, мұндай жағдайда адамдардың азаматтық ұстаным білдіруі маңызды. Яғни, олар бізге бұл туралы міндетті түрде хабарлауы тиіс. Сәйкесінше, біз заңды тұлғаны жазалаймыз, яғни банктің өзіне заңды тұлға ретінде айыппұл саламыз. Бірақ нақты статистика жоқ, – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.