Өнер иесі қоғамда қалыптасқан пікірге қарсы шықты.
Жұлдыздардың күні тойға қарап қалмаған: Заттыбек әншілердің қолынан өзге де жұмыстар келетінін айтты
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
4,457
оқылды

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы той бизнесінде жүрген әріптестері жайлы ойын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның пайымынша, эстрада жұлдыздарының күні тойға қарап қалмаған, тойсыз-ақ күндерін көре алады.

"Кешегі пандемия көп нәрсені ашып берді. Әншілердің өзінде әртүрлі саланы игеріп кеткендер болды. Олардың арасында сол салаға түгелімен кетіп жатқандар да болды. Ризықты беруші – Алла. Біз оны бекер уайымдаймыз. Той болса да, болмаса да әншілер аш қалмайды. Оны коронавирустың кезінде, ешқандай той жоқ кезде көріп, түсіндік. Бәлкім, көбіне қиынға соққан болар, бірақ үйреніп кеттік", – деді ол. 

Заттыбек Көпбосынұлы – қазақстандық әнші және музыкант. Әншінің "Ақмаржан", "Нартәуекел" "Бүлдірген" деген әндері ел арасында танымал.