Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.
Қар, боран, көктайғақ, -6 градус үсік: 16 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
693
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, түнде ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар күтіледі. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. ҚР орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.