Жергілікті қоймалар бүкіл егінді сақтауға дайын.
Қарағанды облысында биыл 1 миллион 300 мың тонна астық жиналған
823
оқылды

Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық жиналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнімділіктік осыншама жоғары болуының негізгі факторларының бірі мемлекетті қолдау, ауыл шаруашылығы техникасын уақытылы дайындау, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, агротехнологияларды сақтау және отынмен қамтамасыз ету. 

Қарағанды облыстық  Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин жергілікті шаруа қожалықтарының жетістіктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингінде айтып берді.

– 9 айдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісі ұлғайды. Нақты көлем индексі 116,7 % құрады. Астық өнімі бойынша ең жоғары көрсеткішке Абай, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді, – деді ол. – Гектарына 15 центнерден өнім жиналды. Сонымен қатар  биыл картоп бойынша да өнім жоғары болды – 11,3 мың гектардан 299 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Бұл аймақтың ішкі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Нұра, Шет және Осакаров аудандарының шаруашылықтары көш бастап тұр.

Сондай-ақ өнімділігі 7 ц/га болатын 23,4 мың тонна майлы дақыл жиналды.

Жергілікті қоймалар бүкіл егінді сақтауға дайын.

Брифингте өз жетістіктері туралы ауыл шаруашылығы басшылары айтып берді.

– Шаруашылығымыз құрылғалы алғаш рет біз 65 мың тоннадан астам дәнді дақыл, 1 мың тонна майлы дақыл, 27 мың тонна картоп жинадық. Егер шаруашылығымыз тыңайған жерлерді игерген кезден бастап дәнді дақылдармен айналысып келе жатқан болса, картоп өсіруді тек тоғызыншы жыл игеріп келеміз. Бұл біздің барлық білімдері мен дағдыларын осы нәтижелерге қол жеткізуге жұмсаған фермерлеріміздің үлкен еңбегі. Республика көлемінде өте жақсы өнім алдық, үшінші класс астығымыз 40 %-дан асады, – дейді Нұра ауданының "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Прокоп.

Жергілікті фермерлердің айтуынша, жыл ерекше болды. Жауын-шашын мен дәнді дақылдардың аурулары егін өсіруге кедергі келтірді. Осыған қарамастан, ауыл тұрғындарының еңбегі мен мемлекеттің көмегі жақсы нәтижеге әкелді.