Айтуынша, оған ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.
Ауыр дертпен күресіп жатқан актер Мұрат Бисембин химиотерапиядан бас тартқанын айтты
Фото: instagram.com/murat_bissenbin
1,189
оқылды

 "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қатерлі ісікке шалдыққан актер тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында химиотерапиядан бас тартқанын жеткізді. Айтуынша, оған ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. 

«Қазір қатерлі дерттің екінші кезеңінде жүрмін. Төрт рет химиотерапия алдым. Жоспар бойынша сегіз химиотерапия алуым керек еді. Бірақ бас тарттым. Химиотерапия алып көрген адамдар жақсы біледі, өте қиын, ауыр ем түрі. Мен де қатты әлсіреп қалдым. Қазір емдеудің басқа түрін таңдадым. Халық емі емес, ол да медициналық емдеудің бір түрі. Ешкім менің өміріме кепіл бола алмайды. Германия мен Оңтүстік Корея дәрігерлері де емдеуге қарсы емес, бірақ кепілдік бермей отыр ғой. Мен оған бола көңіл күйімді түсірмедім. Тек позитив ойлағым келеді", - дейді актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.