Шымкент қаласындағы Орталық саябақта өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған Достық мерекесі аталып өтті.
Достық мерекесін атап өтті
318
оқылды

Қоғамдық келісім мекемесі, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.

Мерекеде көпшілік өзбек этносының мәдениеті және салт-дәстүрлерін тамашалады.

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев келушілерді мерекемен құттықтап, «Достық» фес­тивалі ел бірлігін паш ететін маңызды іс-шара екенін атап өтті. 

Қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев елімізде барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына барынша жағдай жасалғанына ризашылығын жеткізді.

– Елімізде 130-дан астам этнос өкіл­дері бірлікте, тату ғұмыр кешуде. Бірлігіміз бекем болсын. Достық мерекесінің жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінгі іс-шараға қаладағы мектептерден қолөнершілер, өнерпаздар қатысуда. Көрмеде жергілікті кәсіпкерлер де отандық өнімдерін ұсынып жатыр. Біздің күшіміз – бірлікте, – деп атап өтті Т.Нишанбаев.

ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауым­дастығы төрағасы Икрам Хашимжанов мерекенің жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқанын жеткізді. Қаламызда өзбек этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, жұмыс істеуде. Этномәдени бірлестік өзбек этносы өкілдерінің қа­зақстандық қоғамның ортақ құндылықтарын қастерлеуіне ұйытқы болып отыр.

Н.НАЗАРБЕК