Қарағанды облысы Саран қаласындағы барлық үй мен әлеуметтік нысанға жылу қосылды.
Сарандағы барлық үй жылуға қосылды
363
оқылды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы барлық үй мен әлеуметтік нысанға жылу қосылды. Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Қаланың барлық өндірістік нысаны өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырысын өткізді.

"Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылу толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықта жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс істеуде. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылды.

"Біз барлық жылу көзін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Келесі шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысандар өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеп жатыр", – деді Сәтқалиев.

Үйлерге жылу беру аяқталып қалды. Жағдай Энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.