Марқұм Арман Дүйсеновтың қайтыс болған ұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы желіде жан тебірентерлік жазба жариялады.
"Жанымның бөлшегіне айналдың": Арман Дүйсеновтің ұлының сүйіктісі жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден
3,637
оқылды

Марқұм Арман Дүйсеновтың қайтыс болған ұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы желіде жан тебірентерлік жазба жариялады,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сенен айырылу өте ауыр. Сен менің жақын адамыма ғана емес, жанымның бөлшегіне айналдың. Жүрегім қан жылап тұр, қасымда енді сенің жоқтығыңды қабылдай алмаймын. Қазір өткен күндердің суреттерін қарап отырмын, онда біздің бақытқа толы қуанышты сәттеріміз бейнеленген. Қазір мен үшін демеу болатын жалғыз дүние – сенімен бірге өткен күндердің естелігі. Өміріме мән сыйладың. Сені жарқын сәттерді сыйлаған адам ретінде мәңгі есте сақтап қаламын. Жаның жәнната болсын, Абылайым», – деп жазған ол.  

Бұған дейін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Дүйсеновтің көз жұмғанын хабарланды. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.