Биыл 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына – 29 жыл. Тарихқа көз жүгіртсек, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган ретінде құрылған.
Ел-жұрты үшін от пен суға түсетін құтқарушылар
501
оқылды

Яғни, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні.

Алайда 1995 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру шеңберінде МКЖС комитет, агенттік, министрлік болып қайта құрылып, ІІМ жүйесіне еніп, 2020 жылы министрлікке айналды. Осы кезеңнің бәрінде Төтенше жағдайларды жою қызметі кәсіби түрде дамып, құтқару бөлімшелерімен толықтырылды. 1995-2023 жылдар аралығында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсібилігі мен жеделдігі арқасында 421 мыңнан астам адам құтқарылып, ТЖ түрлі аймақтарынан 383 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, 72 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Еліміздің өртке қарсы және құтқару қызметтерінің мамандары өз өмірін қатерге тігіп, азаматтарды құтқару жолында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 73 қызметкер қаза тапты. Қазір Азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер қызмет атқарады. Жалпы, елдегі азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алу, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру, қызмет өткеру жағдайын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолға қойылған. Осы 29 жыл ішінде 1,7 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы, 22 мың бірлік өрт-құтқару жабдығы мен жарағы сатып алынды. 38 өрт сөндіру депосы салынды.

Бүгінде елімізде болашақ құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны – Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы. Азаматтық қорғау академиясының қабырғасынан азаматтар мен мемлекет аумағының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, күндіз де, түнде де қызмет атқаратын 6 мыңнан астам маман шығарылды. Сонымен қатар, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының халықаралық келісімдері шеңберінде академия курсанттары Ресей және Беларусь ТЖМ жоғары оқу орындарында жеңілдікпен оқиды. 2022 жылдан бастап академияда «Өрт қауіпсіздігі» бейіндік бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім енгізілді. Соңғы екі жылда академияға күндізгі оқу бөліміне 8 қыз қабылданды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 38 халықаралық келісім жасалды. Қазақстан ТЖМ БҰҰ бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимыл жасап, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты жұмыс жүргізеді. Соның бірі – құтқарушыларымыз Түркия мен Ауғанстандағы жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюға қатысуы. Олар қиын экстремальды жағдайларда және жерасты дүмпулерінің жалғасуына қарамастан, құтқарушылар үйінділерді бөлшектеп, адамдарды эвакуациялау және құтқару, зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету жұмысын жүргізді. Тек соңғы үш жылда ғана Түркия Республикасына, Сирия Араб Республикасына, Украинаға, Тәжікстан Республикасына, Ауғанстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Палестинаға көмек көрсетілді.

Содан бері Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында Ұлттық теңіз авариялық-құтқару қызметін құру және азаматтық қорғау академиясының құрылысы бойынша мәселені жоспарлы пысықталды. 20 шақты өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілу, елордада бірегей тез салынатын өрт сөндіру депосы мен жатақхананың пилоттық жобасы іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен құтқарушылардың отбасыларына 50 пәтер берілді. Осы жазда елордалық дағдарысты басқару орталығы тәулік бойы табиғи және техногендік төтенше жағдайларға мониторинг пен болжау жүргізілетін Командалық орталық болып қайта құрылды.

Биылғы жылдың басынан құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмысына 70 мыңнан астам шығып, 12 мыңнан астамы құтқарылды. Төтенше Жағдай аймағынан 65 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 4,6 мың зардап шеккен адамға шұғыл медициналық  және 1 мыңнан астам адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Биыл елімізде Алматы қаласында Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехияның ең мықты спортшыларының қатысуымен өткен жасөспірім ұл-қыздардың арасында өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты жарияланды. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері қатысып, қазақстандық ұл-қыздардың топтары «Жауынгерлік қанат жаю» чемпионы атанды. Жақында ғана Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан бірінші турнир өтті. Көкшетау қаласында өткен спорттық біріншілікке 25 командадан 400-ден астам азаматтық қорғау органдарының қызметкері қатысты. Турнирдің ұйымдастырушысы  – биыл министрлік базасында құрылған «Batyr team» спорт клубы. 

Түйіндей келе, Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындай отырып, басқаларды құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігіп, өздерінің кәсібилігі мен жанқиярлығын күнбе-күн дәлелдеп жүр.