78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласта Камила франциялық Нокес Манонды ұтты.
Камила Берліқаш дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: instagram.com/cska.kaz
2,522
оқылды

Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Камила Берліқаш қола жүлде алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші орынға таласта Камила франциялық Нокес Манонды ұтты. Ол жұбаныш финалында Франция спортшысын небәрі алты секундта иппон ұпайын тіркеді.

Осылайша, Камила Берліқаш әскерилер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.