Әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің үйлену тойы болып жатыр, - деп жазды Aikyn.kz.
Шоу-бизнес жұлдыздары жұлдызды жұптың үйлену тойынан сурет, видео жариялап жатыр. Актриса Аша Матай тойдан бірнеше сурет жариялап, құттықтады.
«Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман-ағысты.
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.
Кел, достарым, жақсы тілек тілейік!
Бақытты болыңдар!», - деп жазды ол.
Ал әнші Альбина Шардарова тойға бара алмай қалғанын айтты.
"Айқын мен Жұлдыздың тойында отыру керек болғанбыз ғой негізі. Апамыз басқа қалаға іссапармен кетіп қалды. Екі қызбен бармай-ақ қояйық деп шештік. Екеуі отырғызбайды бәрібір. Жолда құрбымның да тойына кіріп шығамыз дегенбіз. Не болса да хайырлысы", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген осыдан тоғыз жыл бұрын әнші Жұлдыз Өмірғалимен отбасын құрған, қазір екі баласы бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.