Ол Астанадағы төрт бөлмелі пәтеріне қатысты апелляциялық сот отырысына не үшін көңілі толмағанын жеткізді.
Жұлдыз Әбдікәрімова Жоғарғы Сотқа шағымданатынын айтты
Фото: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial
2,641
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот шешімімен келіспейтінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Астанадағы төрт бөлмелі пәтеріне қатысты апелляциялық сот отырысына не үшін көңілі толмағанын жеткізді. Оның айтуынша, дәлелдер ескерусіз қалған. Сондықтан Жоғарғы Сотқа қайта шағымданатынын айтты.

“Екінші сот отырысы өтті. Менің көңілім толмаған сәттер мыналар: біріншіден, өткен отырыста сот өзі талап еткен жауап беруші тараптағы Диляра осы отырысқа қатыспады. Неге?! Қарсы тарап соттың талабын орындамайтын не күшке ие?! Екіншіден, сот екі тарапты толық тыңдап болғаннан кейін, ешқандай қосымша сұрақтар қоймай, ақылдасу бөлмесіне үнсіз кетіп қалды. Бар болғаны 20 минутта шешім қабылданды. Бірінші болған сот шешімін өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылданыпты. Соттың ресми шешімі жайындағы құжат келесі апта шығады. Заң бұзушылық табылмады деген үкім айтылды. Естеріңізде болса, бірінші отырыста қаралмаған, немесе назар салынбаған дәлелдер келтіргенімді айтқанмын. Бұл жолы да ол дәлелдер ескерусіз қалды. Сот шешімімен келіспейтінімді, мұнымен іс жабылмайтынын, Жоғарғы Сотқа қайта шағымданатынымды хабарлаймын! Жүріп жатқан азаматтық соттан бөлек, қылмыстық іс қозғалып жатқандығы, ол жақта сот мүлде басқа сарында болатынын да естеріңізге саламын. Басты назар аударатын жай – мен жалғыз алданушы емеспін. Он шақты алданған азамат болып, ұжымдық шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалғанын қайталаймын. Әділдік орнауына бар күшімді саламын!”, – деді актриса. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.