Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Бүгін жазушы, драматург, аудармашы Мұхамеджан Дүзеновтің туғанына 100 жыл толды
670
оқылды

Қаламгер 1952 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған соң Қазақ радиосында жұмыс істеген. Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған, Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.
 
Мұхамеджан Дүзеновтің алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастады. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды.

Бұдан бөлек қаламгер В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.

Шығармалары: Ақ әже. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Ұзақтың жолы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Әке болғым келеді. Роман. А., «Жазушы», 1971; Сын Тлектеса. Повесть. М., «Советский писатель», 1974 ; Ант. Роман. А., «Жазушы», 1975; Шығармаларының екі томдығы. І–ІІ том, А., «Жазушы», 1985.