Полицейлер оларды “Заңсыз келуші – 2024” республикалық жедел-профилактикалық шарасы барысында анықтады.
Алматыда елу шетелдік азамат елден шығарылды
909
оқылды

Алматыда 50 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өзбекстан, Тәжікстан және Әзербайжан азаматтары Қазақстан көші-қон заңнамасын өрескел бұзған. Полицейлер оларды “Заңсыз келуші – 2024” республикалық жедел-профилактикалық шарасы барысында анықтады.

– Іс-шара басталғалы 1185 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 225 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 935 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 202 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 48 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.