Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Қарағандыда қылмыстық топтар ұсталды (видео)
512
оқылды
ІІМ өңірлерде қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды. Бопсалаудың 40-тан астам дерегі анықталып, жолы кесілген.

15 қазанда Шахтинск қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады.

Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сонымен қатар Qarmet АҚ қызметкерлерін бопсалаған, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар Qarmet АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.

Осы деректер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.