Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 578 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Алматы облысында полицейлер сегіз мас жүргізушіні анықтады (видео)
560
оқылды

Алматы облысында полицейлер сегіз мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме бере отырып.

Алматы облысында полицейлер жедел алдын алу шарасының үш күнінде сегіз мас жүргізуші-тасымалдаушыны анықтады.   

– Бұл шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейту, жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау, сондай-ақ жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар жол беретін бұзушылықтардың жолын кесу, – деп атап өтті Алатау қаласы ПБ ӘПБ бастығы Айдос Молдағалиев.   

Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 578 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 8 фактісі бар. Бұл жүргізушілер көлікті басқарудан дереу шеттетілді. Оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.