Түркістанда ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлаған

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар 60 жастағы Алматы тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ер адам Алматы қаласына жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.

Белгілі болғандай, ол күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған ВАЗ-2107 автокөлігіне көзі түскен. Ер адам, алдымен, күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өзінің көлігінің нөмірлерін орнатқан. Артынан көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.