"Саран" шахтасында орын алған апаттан 3 адам зардап шеккен жайтты тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті комиссия құрды.
Бір жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр: Қарағанды облысындағы шахтада апат болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
624
оқылды

14 қазанда сағат 23:00-де "Qarmet“ АҚ Көмір департаментіне қарасты "Саран“ шахтасында апат болды. 41К-7В ұзын қабырғасының төменгі түйіспесінде жұмыс істеу кезінде металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, апат болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Апат салдарынан жұмысшылар жарақат алған: тау-кен тазарту жұмысшысы 1988 жылы туған Д. Сембеков, кен шебері 1989 жылы туған А. Григорьевич және тау-кен механизаторы 1983 жылы туған А.Рудий", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінде.

Апат салдарынан компания қызметкерлері түрлі дене жарақаттарын алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді.

А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті комиссия құруда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", – делінген ведомствоның ақпаратында.