Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Тұрғын үй саясатына – жаңа реформа
1,421
оқылды

Отырыс барысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралды. Азаматтардың тұрғын үй жағ­дайларын жақсарту үшін аталған заң арқылы Қазақстан Респуб­ликасының 5 кодексіне және 16 заңына өзгерістер мен толық­тырулар енгізіледі.

Заң аясында Отбасы банкін ұлттық даму институты ретінде қайта құру көзделіп отыр. Бұл ретте жергілікті атқарушы ор­гандардың мұқтаждар үшін тұрғынжайды есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асыру жөніндегі функциялары банкке беріледі. Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаждар туралы мәліметтерді қамтитын, басқа да мемлекеттік дерекқорлармен интегра­ция­ланған «Тұрғын үймен қамта­масыз ету орталығы» элек­трондық базасын қалыптастыру, жүргізу, мониторингілеу және өзектендіру жөніндегі функ­циялар да аталған банкке жүктеледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің мүдделерін қорғау үшін заң арқылы бас­панаға мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқор­лы­ғынсыз қалған балаларды олар кәмелетке толғаннан кейін де есептен шығаруға жол бермей­тін бап ұсынылды. Одан бө­лек, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отба­сылар балалары кәмелетке тол­ғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наг­радталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ор­дендерімен наградталған көп­балалы аналар, көпбалалы от­басылар балалары кәмелетке толғаннан немесе қайтыс болғаннан кейін, толық емес отбасылар балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін, жесір әйелдер (тұл ер адамдар) балалары кә­мелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін және тағы басқа заңмен белгіленген тұлғалар тұрғынжайға мұқ­таждар есебінен шығарылуға жатпайды.

Сондай-ақ мемлекеттік тұр­ғын үй қорынан берілетін тұр­ғын үйлердің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы бірінші ке­зектегі құқығы бар азаматтарға, оның ішінде соғыс ардагер­ле­ріне, I және II топтағы мүгедек­терге, ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасыларға, жесір­лерге (тұл ер адамдарға) және басқа да осал санаттарға бері­летін норма енгізіледі. Жер ко­дексі шеңберінде жер учаске­лерінің барлық меншік иелеріне оның нысаналы мақсаты өз­герген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бөліп төлеуді беру көзделеді.

Жалпы, сенаторлар заңды концептуалды түрде қолдады. Алайда олар құжатты қарау кезінде меншік иесі тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қо­рынан алған кезде коммуналдық меншікке берілуге тиіс апатты деп танылған жалғыз тұрғын үйді беру жөніндегі норманы нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді. Бұдан басқа, респуб­ли­калық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен ұқсас елорда әкімдігіне жер­гі­лікті бюджет қаражатынан сырт­қы қабырғаларды реконструк­циялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі құзыретті бе­кітуге қатысты түзетулер ұсы­нылды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған азаматтар үшін өтпелі жағдайды көздейтін заңның 2-бабы бойынша да түзетулер қарастырылды. Осы­ған байланысты Сенат депу­таттары заңды өздері ұсынған түзетулермен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады.

«Мемлекет басшысы халық­тың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға үнемі баса мән беріп келеді. Осы ретте бүгін қаралған заң арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруды көздейтін түзетулер топтамасы мақұл­да­нып отыр. Соның аясында От­басы банкінің құзыреті ке­ңейтіліп, оған Ұлттық даму инс­титуты мәртебесі беріледі. Өзгерістерге сәйкес, Отбасы банкі тұрғын үйге мұқтаж аза­маттарды есепке қою және тұр­ғын үйді бөлу функцияларын атқарады. Сондай-ақ барлық мәліметті қамтитын бірыңғай республикалық электрондық базаны жүргізеді. Осы және бас­қа да түзетулер бұл саладағы жа­риялық пен ашықтықты қо­сымша қамтамасыз етуге мүм­кіндік береді. Тұрғын үй заңна­масын жетілдіруді көздейтін бірқатар өзге де түзету мақұл­данды. Заңды қарау барысында сенаторлар өздерінің ұсыныс­тарын да жеткізді. Олар тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінде тұрған жекелеген санаттағы аза­маттардың мүдделерін қор­ғауға арналған. Алдағы уақытта заң тұрғын үй жағдайларын жақ­сартуға арналған мем­лекеттік қолдау шараларын же­тілдіруге өз септігін тигізеді деп сене­міз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар палата оты­рысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.