Бүгін еліміздің азаматтық қорғаныс органдарына 29 жыл тол­ып отыр.
Қиындыққа толы қызмет
702
оқылды

Тарихқа көз жүгіртсек, 1995 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет елдің табиғи және техногендік сипат­тағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс сала­сын­дағы уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган ретінде құ­рылған болатын. Осы күн азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби ме­рекесі – Құтқарушылар күні болып белгіленді.

1995 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Орталық атқарушы органдардың құрылы­мын жетілдіру шеңберінде МКЖС комитет, агент­тік, министрлік болып қайта құрылды, ІІМ жүйесінде болды, одан әрі 2020 жылы ТЖМ боп бөлек шықты. Барлық кезеңде төтенше жағдайларды жою қызметі кәсіби түрде дам­ып, құтқару бөлімшелерімен тол­ық­тырылды. 

ТЖ қызметтері жұмыс істеген жылдары (1995-2023 жж.) төтенше жағдайларды жою­ға 1,6 млн астам рет шыққан екен. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қыз­меті, кәсібилігі, жеделдігі арқасында 421 мыңнан астам адам құтқарылған, ТЖ түрлі аймақтарынан 383 мыңнан астам адам эва­куацияланып, 72 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген.

Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан ас­там табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай, оның ішінде 12 мың өрт оқиғасы тіркеледі. Мәселен, биыл жыл басы­нан бері құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 70 мыңнан астам рет шықты, 12 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 65 мың­нан астам адам эвакуацияланды, 4,6 мың зардап шеккен адамға шұғыл медицин­алық көмек және 1 мыңнан астам адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Азаматтық қорғау органдарында бүгінде 27 мыңнан астам қызметкер қызмет атқа­рады. Еліміздегі болашақ құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны – Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы өз тарихында 6 мыңнан астам маман даярлап шығарды.

Еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар атқар­ылды. Олар – заңнаманы қабылдау, төтен­ше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объек­тілер салу, құтқару және өрт техникасы мен жаб­дықтарын сатып алу, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақ­сарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт-құт­қару спорты мен халықаралық ынтымақтас­тықты дамыту. Осылайша, 29 жыл ішінде 1,7 мыңға жуық өрт-құтқару автотехникасы мен 22 мың бірлік өрт-құтқару жабдығы мен жарағы сатып алынса, 38 өрт сөндіру деп­осы салынды. Жедел жағдайда талдау бар­ыс­ын­да трассалық медициналық-құтқару пункт­терін жолдардың неғұрлым авария­лық-қауіпті учаскелеріне көшіру мәселесі пы­с­­ық­талған болатын. Биыл жедел әрекет етуді арттыру мақсатында «Анар» трассалық медициналық-құтқару пункті Ақмола облысы Аршалы кентіндегі өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына көшірілді.

Ведомствоның мақсаты – қызметкер­лер­дің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсарту, материалдық-техникалық жар­ақ­­тандыруды нығайту, жаңа өрт сөн­діру депо­ларын, құтқару станцияларын салу, әуе авиа­циясы паркін жаңарту. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ТЖ-ны жоюдан цифрландыруды енгізе отырып, олардың алдын алуға қайта бағдарлау көз­деледі.  Осы мақсатта ТЖМ-да жаңадан ТЖ-ның алдын алу комитеті құрылды.

Каспий теңізінің қазақстандық сек­торы­ның акваториясында Ұлттық теңіз авария­лық-құтқару қызметін құру және азаматтық қорғау академиясының құрылы­сы бойынша мәселе­ні жоспарлы пысықтау басталды. Осы мақ­сатта 20 өрт сөндіру депо­сының құрылы­сы жүру­де, елордада бірегей тез салынатын өрт сөндіру депосы мен жатақхананың пилоттық жобасы іске қосылды. Жергілікті ат­қарушы органдардың қолдауымен құтқару­шылардың отбасы­ларына 50 пәтер берілді. Осы жазда елорда­лық Дағдарысты басқару орталығы тәулік бойы табиғи және техно­гендік төтенше жағдайларға мониторинг пен болжау жүр­гізі­летін Командалық орталық болып қайта құрылды.

Құтқарушылар Түркия мен Ауғанстан­дағы жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюға қатыса отырып, халықаралық дең­гейде өз кәсібилігін дәлелдеді. Қиын экс­тре­малды жағдайларда және жерасты дүм­пулерінің жалғасуына қарамастан, құтқару­шылар үйінділерді бөлшектеп, адам­дарды эвакуациялау және құтқару, зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көр­сету жұмыстарын жүргізді. Тек соңғы үш жылда ғана қазақстандық мамандар Түркия Республикасына, Сирия Араб Республика­сына, Украинаға, Тәжікстан Республика­сына, Ауғанстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Палестинаға көмек көр­сеткен екен.

Елімізде қауіпсіздік мәдениетін қалып­тастыру мақсатында апта сайын профилак­ти­калық акциялар мен оқу-жаттығулар өт­кізіледі, бұл ретте біздің құтқарушы­ларымыз өз дағдылары мен білімдерін шетелдік әріп­тестерімен бөлісіп отырады. Алматы облыс­ының Тамғалы Тас шатқалын­да орна­ласқан  «Жартасты қала – Астана» база­лық поли­гонында ҰҚШҰ-ға мүше мем­лекет­тер – Беларусь, Қазақстан, Қырғыз­стан, Тәжікстан Рес­публикаларының және Ресей Федера­циясының төтенше жағдай­лардың алдын алу және олардың салдарын жою са­ла­сындағы уәкілетті органдарының құтқару бөлім­шелерінің қатысуымен «Ска­ла-2024» бір­лескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Сонымен қатар осы полигонда Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін ТЖ-да ұш­қышсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өтті. Тренингке Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Тәжікстан Республикасы ТЖК және Өзбекстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 24 операторы қатыс­ты. Соңғы 5 жылда ТЖМ ұшқышсыз аппарат­тар паркі 6 еседен астам ұлғайғанын және осыған байланысты дрондарды басқару бойынша мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отырғанын атай кеткен жөн. Соны­мен қатар полигон базасында ТЖ волон­терлердің республикалық форумы өтті.

Биылғы жылы  елімізде Алматы қала­сын­да Қазақстан, Беларусь, Болгария, Ресей, Словакия, Чехияның ең мықты спорт­шыларының қатысуымен өткен ұлдар мен жасөспірім ұлдар, қыздар мен жасө­спірім қыздар арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. Онда ұлттық құраманың ұлдар мен  жас­өс­пірім ұлдар, қыздар мен жасөспірім қыздар командасы «Жауынгерлік қанат жаю» бо­йынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Сон­дай-ақ биылғы күзде Көкшетау қала­сын­да ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогіне қоян-қолтық ұрыстан біріншілік турнир өткенін атай кеткен жөн.  

Еліміздің өртке қарсы және құтқару қыз­меттерінің мамандары өз өмірін қатерге тігіп, азаматтарды құтқару жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде осы уақытқа дейін 73 қыз­меткер қаза тапқан екен. Олардың еңбек жолы мен ерлік істері қашан да жадымызда. Азаматтық қорғау органдарының қызмет­керлері өздерінің қызметтік міндеттерін күнделікті орындай отырып, басқаларды құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігіп, өздері­нің кәсібилігі мен жанқиярлығын дәлелдеп келеді.

Нұрлан СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ