Тергеу жүріп жатыр: Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Қазақстан азаматы есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталған.

Ақмола облысы Ерейментау ауданында есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана жойылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерейментау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Қазақстан азаматы есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"7 келіге жуық мефедрон психотроп заты, 100 литрден аса прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді",  деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.