Өрттің себебі анықталып жатыр.
Түркістан облысында 3 тонна шөп өртенді
Видеодан алынған кадр
604
оқылды

Түркістан облысы Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 3 тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт сөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.