Айтуынша, әлеуметтік желіге жаттығу жасап жатқан видеосы көп қаралым жинаған.
«Мұны әрқайсыңыз істей аласыздар»: Баян Алагөзова қыз-келіншектерге жас болып жүрудің құпиясын айтты
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
6,748
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова қыз-келіншектерге күнделікті жаттығу жасап, өзіне көңіл бөлуге кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, әлеуметтік желіде жаттығу жасап жатқан видеосы көп қаралым жинаған. Әсіресе, әйелдер таңданысын білдіріп, «Мұны қалай жасауға болады? Менің қолымнан келер емес» деп сұрай бастаған. 

Баян Алагөзова мұндай бейнежазбаны енді ғана жариялап тұрғанын, алайда йогамен төрт жылдан бері айналысатынын айтты. Оның сөзінше, күнделікті жаттығу өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

Ол мұндай іс әрбір әйелдің қолынан келетінін, тек жалқаулықтан арылу керегін атап өтті. Оның үстіне мұны интернет арқылы тегін үйренгенін де айтты.

«Сіздердің әрқайсысыңыз мұны істей аласыздар және дәл осындай нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Оның үстіне мен өзім де нәтиже қумаймын. Мен мұны тек қажеттіліктен жасаймын. Йогасыз, егер мен бір-екі күн сабақтан қалсам, аяғым мен қаным дұрыс жүрмейді. Нәтижесінде жаттығудан кейін көңіл күйіңіз көтеріліп, өзіңізді сергек сезінесіз. Маған немесе басқа біреуге тамсанудың қажеті жоқ. Тек орныңыздан тұрып, істеңіз», - деп Баян Алагузова жеке тәжірибесімен бөлісті.

Продюсер әйелдерді күніне жарты сағат өзіне уақыт бөлуге шақырды. Ол тіпті қысқа сеанс сіздің арқаңызды сау етіп, сергітетініне сендірді.

«Жүрісіңіз әлдеқайда жеңіл болады. Адамның жасын жүрісі көрсетеді деп үнемі айтамын. Йога – бұл тек жүруді ғана емес, сонымен қатар өмірге деген көзқарасты жеңілдетудің бір жолы. Ал жамбас буындарын созу біздер, әйелдер үшін жай ғана қажеттілік», - дейді Алагөзова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.