112-113 аралықта LRT құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарланып отыр.
Астанада Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі
Фото: Kazinform
800
оқылды

LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Сығанақ көшесімен қиылысында Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

112-113 аралықта LRT құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарланып отыр.

Осыған байланысты 20 қазан күні сағат 23.00-ден 21 қазан күні сағат 06.00-ге дейін Сығанақ көшесінің қиылысындағы Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.