Желі қолданушылары әншінің айтқанымен келісіп, қолдау білдірді.
«Көп проблема шешілер еді»: Жазира Байырбекова ішімдікті сатылымнан алып тастауды ұсынды
Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova
2,282
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова ішімдікті сатуға тыйым салу керегін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі оның зияны көп екенін атап өтті. 

"Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса, көп проблема шешілер еді. "Agugai_ansambl" біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді. Сіз спирттік ішімдіктің сатылымнан алып тастағанын қолдайсыз ба?", – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің айтқанымен келісіп, қолдау білдірді. 

"Толық келісемін", "Сатуға да, ішімдік өнімдерін шығаруға да қарсымын. Мүлдем шығармаса екен. Соның кесірінен қаншама адам зардап шегіп жатыр", "Қазақстанда ішімдіктің қай түрі болса да, сатылымнан алып тастау керек", – деп жазды әлеуметтік желідегі оқырман. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.