Ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Ақтөбеде балаға азғындық жасады деген күдіктінің денесі табылды
aktobetimes.kz
707
оқылды

Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аktobetimes.kz жазғандай, күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған..

"Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.