Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары санын азайту және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында елорда аумағында «Жаяу жүргінші» атты акция өткізілді.
Елордада бір күннің ішінде жол ережесін бұзған 200-ден астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды
Ашық дереккөз
754
оқылды

Шара барысында жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден өтуі және бағдаршамның қызыл түсіне өту секілді құқықбұзушылықтар анықталып, жолы кесілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Айрықша назар жолдың қауіпті учаскелеріне, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге және самокат пен мопед жүргізушілеріне аударылды. Соңғы уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп тұрған шағын электр көлік құралдары да назардан тыс қалмады», - делінген хабарламада.

Күніне тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер тарапынан 200-ден 300-ге дейін құқықбұзушылықты анықтайды. Биылғы жылдың басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен 17 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аталған бапқа сәйкес велосипед, мопед және самокат жүргізушілері де жауапкершілікке тартылады.