Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған соң, жергілікті полиция түсініктеме берген.
Жүйке ауруымен есепте тұрған адам Атыраудағы қоғамдық көліктегі жолаушыларға шабуыл жасады
Фото: видеодан алынды
363
оқылды

Атырау қаласында 44 жастағы ер кісі қоғамдық көліктегі адамдармен төбелесіп, көліктің терезе жуатынын сындырып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған соң, жергілікті полиция түсініктеме берген. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, ашу қысқан ер адам алдымен автобус ішіндегі бір адамды аяғынан сүйреп, ұрған. Одан кейін бұрылып, автобустың терезе жуатын құралын сындырып кеткен. Полицияның мәліметіне сүйенсек, ер адам жүйке ауруы бойынша есепте тұр.

«Аталған бейнежазбадағы дерек 19 қазан күні болған. Полиция қызметкерлері адамның жеке басын анықтады. 44 жастағы ер адам ІІ топтағы мүгедек екені анықталып, оның күтушісіне ескерту жасалды. Құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, жауапты жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Аталған тұлға жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды»,  – деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.