Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге жазба арнады.
Атақты әншінің жылдық асына барған Мақпал Жүнісова ерекше жазба жариялады
Фото: видеодан алынды
27,527
оқылды

Былтыр қараша айында өмірден өткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтің жылдық асына қатысқан Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге жазба арнады.

"Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін Құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім. Ақжол ағаның орны үңірейіп тұр. Ол кісі маған құда болып келеді. Үш жылдың ішінде талай рет дастарқандас болып, жақынырақ араласып қалып едік. Сол кездер есімізде мәңгілікке сақталып қалатын болды. Ешкім де мәңгі өмір сүрмейді, бәріміз қонақпыз.

Ақ жол ағамыз ауырып жүрсе де, сол ауырғанын көрсетпей, халыққа соңына дейін қызмет жасап кетті. Оның адами қасиеті де халықты баурап алатын, өте көпшіл, иманжүзді, аузынан Алласы түспейтін, қолынан тәспісі түспейтін үлгілі жан еді", –  деді Қазақстанның халық әртісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.