Ведомство алаяқтардың пайдаланушыға жіберетін хабарламасының үлгісін жариялады.
Telegram арқылы алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр
607
оқылды

Telegram мессенджерінде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр. Алаяқтар вирустарды сурет ретінде жасыра бастаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алаяқтар Android операциялық жүйесіне негізделген құрылғылардың иелеріне "фото" деп жазылған APK-файлдар ретінде вирустар жіберуде. Бұл туралы Ресей ІІМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы күресті ұйымдастыру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство алаяқтардың пайдаланушыға жіберетін хабарламасының үлгісін жариялады. Алаяқтар "фото" деген жазуы бар файлдар жіберіп, "Сәлем, суреттегі сен бе?" деп сұраған.

Олар азаматтарға суреттерде APK кеңейтілімі болмайтынын, бұл олардың зиянды бағдарламалық жасақтамадан айырмашылығы екенін ескертеді.

"Егер сізге осындай хабарлама келетін болса, файлдарды жүктемеңіздер",  – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.