"Қазақстан темір жолы" компаниясын тергеу барысында 21 млн теңге шығын келгені дәлелденді.
ҚТЖ: филиал директоры жоқ адамдарды жұмысқа орналастырып, жалақысын алып отырған
3,575
оқылды

ҚТЖ ревизорлық  комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ"ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады,  – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"Филиал басшысының тапсырмасы бойынша, формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді",  –  делінген хабарламада.