Раймның жаңа альбомын бірінші болып тыңдағанда қандай әсерде болғанын жеткізді.
«Шок болып отырмын»: Ерке Есмахан Райм тыңдармандарына ерекше тосынсый жасап жатқанын айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
3,941
оқылды

Әнші Ерке Есмахан жақында жолдасы Раймның жаңа альбомы жарық көретінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол Раймның жаңа альбомын бірінші болып тыңдағанда қандай әсерде болғанын жеткізді. 

"Күйеуімнің жақында жарыққа шығатын жаңа альбомының аяқталған толық нұсқасын тыңдадым. Көзіме жас келді. Ғажап! Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Күйеуімнің бірінші фанаты екенімді түсініп отырған шығарсыздар. Жолдасымның фанаты болсам да, осы Stories-тер үшін кешке төле деп айтуым мүмкін. Сенім жоқ маған", – деп жазды әнші. 

Ерке Есмахан Раймның тыңдармандарына ерекше тосынсый жасайтынын айтты. 

"Мына баланы әкесі 3 қараша күні концертте сахнаға алып шығады деген сыбыс бар. Өзім шок болып отырмын", – деп жазды Ерке Есмахан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.