Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, ұрланған мал табылды.
Қарағанды облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: istockphoto.com
370
оқылды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Мұстафин кентінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері 26-35 жас аралығындағы күдіктілердің шаруа қожалықтарының бірінен «Гольштейн» тұқымды сиырды ұрлап кеткенін анықтады. Жәбірленуші келтірілген шығынды 1 млн теңге деп бағалады.

Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, ұрланған мал табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Полиция бөлімінің қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қожалық иелеріне сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.