Кейінгі 3 жылда ҚТЖ пойыздарында 14 бала дүниеге келген.
Шымкент-Астана пойызында сәби дүниеге келді
493
оқылды

21 қазан күні сағат 23:55-те №86 "Шымкент-Астана" пойызында сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйел күйеуімен Шымкенттен елордаға бара жатқан. Ол жүктіліктің соңғы айында болған.

Босануға пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева көмектескен. Олар жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, әйел аман-есен сәбиін бауырына басты. 

– Пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жылда ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 14 бала дүниеге келді, – делінген ҚТЖ хабарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.