Светлана Назарбаева 77 жаста болған.
Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева қайтыс болды
1,348
оқылды

Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаева 77 жастан асқан шағында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында жариялады.

Ол Алматы облысы Лепсі ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша тәмамдап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1970 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

1981-1984 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы №91 мектептің директорының орынбасары болды.

1984-2003 жылдары №24 мектептің, кейін №130 гимназияның директоры қызметін атқарды.

2003 жылғы қарашадан бастап Светлана Мырзахметқызы «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспасы мен өндірістік кешенінің Бас директоры болды. Ол көптеген әдістемелік құралдар, оқулықтар, ғылыми жұмыстардың авторы.

Сондай-ақ, 2011 жылы Болгарияда, 2012 жылы Польшада, 2014 жылы Германияда халықаралық конференцияларға қатысқан. Жалпы 40-тан астам ғылыми-әдістемелік жұмысы жарияланған, оның ішінде 8 оқулық бар.

Светлана Мырзахметқызы еңбектегі жетістіктері үшін «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен, «СССР білім беру үздігі», «ҚР білім беру үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, СССР Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.