Егер мопедте жақтау нөмірі болмаса, тіркеу жүргізілгенге дейін иесінің сұрауы бойынша уәкілетті орган сәйкестендіру нөмірін береді.
Мопедті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?
399
оқылды

Қазақстанда 2025 жылдың көктемінен бастап жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірі жоқ мопедпен жүруге тыйым салынады. Соған байланысты ІІМ мопедтерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі мен тиісті ережелерді әзірледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мопедті тіркеу үшін жүргізуші арнайы қызмет көрсету орталығына барып, мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік немесе оның электрондық нұсқасы;
  • Салық кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;
  • мопедтің техникалық құжаты бар болса немесе оның сипаттамалары туралы ашық көздерден алынған мәліметтер;
  • көлік құралының иесінен өтініш;
  • көлік құралын тексеру актісі.

Егер мопедте жақтау нөмірі болмаса, тіркеу жүргізілгенге дейін иесінің сұрауы бойынша уәкілетті орган сәйкестендіру нөмірін береді.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, енді тіркеу кезінде мопедке меншік құқығын растайтын құжаттар талап етілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.